Месси 210 мың долларға алтынмен қапталған бірнеше iPhone сатып алмақ

Сурет: iDesign Gold
Лионель Месси әлем чемпионатында жеңімпаз атанған командасы мен қызметкерлері үшін шамамен 210 мың долларға 35 алтын iPhone телефонына тапсырыс берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аргентиналық футболшы Аргентина құрамасының әр мүшесіне арнап 24 караттық iPhone телефондарына тапсырыс берді, деп жазды The Sun.

Әрбір телефонда ойыншының аты, нөмірі және Аргентинаның логотипі жазылған. Басылымның хабарлауынша, футболшы кәсіпкер Бен Лайонспен байланысқа шығып, екеуі бірігіп дизайн ойлап тапқан.

"Лионель - ең тамаша ғана емес, сонымен қатар iDesign Gold-тың ең адал тұтынушыларының бірі. Ол әлем чемпионатының финалынан кейін бір-екі ай өткен соң бізге хабарласты. Ол барлық ойыншылар мен қызметкерлерге жеңістің құрметіне арнайы сыйлық алғысы келетінін айтты. Бірақ сағат сыйға тартқысы келмеді. iDesign Gold бас директоры Бен Лионс

Аргентина 2022 жылы Қатарда жеңіске жетті. Лионель Месси Чемпионаттың үздік ойыншысы болып танылды.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты