Грузияда билік партиясы шетел агенттері туралы заң жобасын кері қайтарып алды

Биліктегі "Грузин арманы – Демократиялық Грузия" партиясы наразылық акцияларынан кейін парламенттен шетелдік агенттер туралы заң жобасын кері қайтарып алу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тбилисиде екі күн бойы наразылық шерулері өтіп, оған қатысушылар бірінші оқылымда қабылданған "Шетелдік ықпалдың ашықтығы туралы" заң жобасына қарсы шықты, деп хабарлайды Sputnik Грузия.

Билік партиясы мен заң жобасының авторлары, "Халық күші" қоғамдық қозғалысы жобаның бірден-бір мақсаты БАҚ пен ҮЕҰ-ды қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз ету екенін алға тартса, қарсы топтың пікірінше, заң жобаларын қабылдау батысшыл бағыттан ауытқып, бір мақсатқа – Грузияның ЕО-ға кіруге кандидат мәртебесін алуына жол бермеуге қызмет етеді, бұл Грузия Конституциясын бұзу болып саналады деп есептейді.

"Шетелдік ықпалдың ашықтығы туралы" заң жобасына сәйкес, шетелдік ықпал агенттері жыл сайынғы табысының 20 пайызының көзі "шетелдік күш" болып саналатын заңды тұлғалар болады.

Грузия парламенті жақын арада заңның америкалық нұсқасын қарастыруды жоспарлаған.

Бірінші заң жобасы мен екіншісінің (американдық заңға ұқсас) негізгі айырмашылығының бірі – тек заңды тұлғалар ғана шетелдік ықпал агенттері бола алады. Сонымен бірге "шетелдік агент" терминін қолдану, авторлардың пікірінше, стигматизация қаупін тудырады.


Қызықты
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: