Иранда оқушы қыздарды улады деген күдікпен 100-ден аса адам ұсталды

Сурет: freepik
Иран билігі мектеп оқушыларын улады деген күдікпен бүкіл республика аумағы бойынша 100-ден астам адамды қамауға алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

IRNA мемлекеттік ақпарат агенттігі Иранның ішкі істер министрлігінің мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып, жүздеген оқушыны улады деген күдікпен бірнеше қалаларда, соның ішінде ел астанасы - Тегеранда 100 шақты адам "анықталып, қамауға алынып, олардан жауап алынып жатыр" деп хабарлады.

"Алғашқы тексеру бұл адамдар психологиялық ықпалға байланысты осындай қылмысқа барғанын көрсетті. Олар зиянсыз әрі сасық заттарды қолданған", делінген хабарламада.

Соңғы айларда Иранда қыздарға арналған мектептерде улау деректері тіркеле бастаған.

Иран саясаткерлері қыздар радикалды ислам топтардың нысанына айналуы мүмкін деп болжаса, тағы бір белсенділер оны Махса Әлидің өліміне байланысты өткен қыркүйекте басталған ұлттық наразылықтармен байланыстырады. 

Айта кетсек, Иранда көптеген оқушы наразылық акцияларына белсенді қатыса отырып, мектепте хиджабтарын шешіп, жоғарғы көшбасшы аятолла Әли Хаменеидің суреттерін жыртып тастаған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Темірлан Анарбековтың сейві "Қайратты" Чемпиондар лигасы іріктеуінің үшінші кезеңіне шығарды

Бейнекамералар мен жол қауіпсіздігі: ІІМ ұсынуынан кейін қандай шаралар қабылданды

Самара – Шымкент тас жолында жантүршігерлік жол апаты болып, үш жұмысшы қаза тапты

Алматыда алғаш рет электр самокаттарды орналастырудың бірыңғай ережесі енгізіледі

Зауытбек Тұрысбеков туралы бір үзінді сыр