Тоқаев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевті Ақордада қарсы алды

Сурет: Zakon.kz
Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 10 сәуірде Қазақстанға Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев ресми сапармен келді. Ильхам Әлиевті Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екі президент бір-бірімен амандасты. Сонымен қатар Ильхам Әлиев министрлер кабинетінің мүшелерімен және президент әкімшілігінің қызметкерлерімен қол алысты. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді. Екі елдің әнұраны шырқалды. Содан кейін мемлекет басшылары кездесуге кіріп кетті.

Сапар қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтпек. Астанада екі ел басшылары шағын және кеңейтілген құрамда кездесу өткізеді. Келіссөздер барысында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың негізгі мәселелері талқыланбақ.

Айта кетері, Ильхам Әлиевтің Қазақстанға ресми сапармен келетіні 7 сәуірде белгілі болған еді.


Қазақстан
Әзірбайжан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қалың қар мен нөсер жаңбыр жауып, -9 градусқа дейін аяз болады

29 қазандағы Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Синоптиктер болжамды өзгертті: Алматыда жаңбыр мен үсік болмайды

Қазақстанда жыл сайын 260 млн текше метрге дейін су үнемдеу жоспарланып отыр

Қазақстанда білім басқармаларының міндеттері мен өкілеттіктері өзгерді