Суданда арнайы жасақ елдің тұрақты әскерімен "соғысып" жатыр

Судан астанасы Хартумның оңтүстігінде Суданның тұрақты армиясы мен жедел әрекет ету күштері (SRF/арнайы жасақтары) арасында қақтығыс болды. Арнайы жасақ қолбасшылығы әскери қызметшілерді қала маңындағы өздеріне қарасты базаны басып алды деп айыптады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Судан астанасының көптеген бөліктерінде атыстың, жарылыстың дыбыстары ауық-ауық естіледі.

Associated Press агенттігі жариялаған ақпаратқа сәйкес, Хартумдағы халықаралық әуежай рейстерді қабылдауды уақытша тоқтатты. SRF өкілдері Хартум мен Мерове қаласындағы әуежайды өз бақылауына алғаны хабарланады. SRF мәліметтері бойынша, армия үлкен шығынға ұшырады. Бұл - Судандағы шиеленісті жағдайдың аясында орын алған қарулы қақтығыс.


Осындай оқыс жағдайға байланысты Судан халықаралық әуежайы рейстерді қабылдауды тоқтатты. Қақтығыстарға байланысты ел астанасы мен Омдурман қаласы арасындағы көпір жабылып, көлік қозғалысы да тоқтатылды.


Алайда, 15 сәуірге қараған түні Судан армиясы Хартумда және басқа да бірнеше қалаларда жедел әрекет ету күштерімен арада орын алған шиеленісті жағдай өздерінің келісімінсіз жүзеге асырылды деп мәлімдеді. Армияның наразылығының себептерінің бірі - Меровадағы әуежайда арнайы жасақ отрядтарын орналастыру. 


Al Jazeera әуежайлардың босатылғанын хабарлады.

Ред: Бұқаралық ақпарат құралдарында әскери төңкеріс әрекеті туралы айтылмайды. Алайда, Twitter-дегі жазбаларында жергілікті адамдар қарулы күштер немесе арнайы күштер елдегі билікті басып алуға тырысуда деп жазады.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: