Прагада мыңдаған адам көшеге шықты

Сурет: freepik
Чехия астанасының тұрғындары үкіметтің отставкаға кетуін талап етіп, көшеге шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамды есеп бойынша, жексенбі күні Прага көшелеріне 30 мыңға жуық адам шеруге шықты. Олар елдегі бағаның көтеріліп, әлеуметтік жағдайдың нашарлағанын айтып, үкіметтің отставкаға кетуін талап етті, деп жазды чехиялық Сeske noviny басылымы.

Адамдар плакаттар мен баннерлер, шар алып шықты. Прага тұрғындары Вацлав алаңына жиналды, екі сағаттық наразылықтан кейін шеру қала арқылы Чехия үкіметі орналасқан Страка академиясына бет алды.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, шеру кезінде демонстранттар Прага тас жолдарындағы көлік қозғалысына қиындық туғызып, бірнеше сағат бойы трамвай қозғалысын жауып тастағанына қарамастан, полиция демонстранттарға кедергі келтірмеді.

Наразалық шеруі кешке дейін болды. Соңында көбі тарап, жүздеген адам ғана қалды. Олардың кейбірі наразылық ретінде көшеде түнейтінін мәлімдеп, митингке палаткалары мен ұйықтайтын қаптарын ала шыққан.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды