Түркияда магнитудасы 4,1 болатын жер сілкінісі тіркелді

Сурет: wikimedia
26 сәуірде Түркияның оңтүстігіндегі Адана провинциясында магнитудасы 4,1 болатын жер сілкінісі тіркелді. Бұл жөнінде ақпарат Табиғи апаттармен және төтенше жағдайлармен күрес басқармасының (AFAD) сайтында жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 07:48-де (Астана уақыты бойынша 10:48) тіркелді.

Жер сілкінісінің ошағы Саимбейлі ауданында болды. AFAD таратқан мәлімет бойынша, дүмпу 7 км тереңдікте болған.

22 сәуірде Түркияда 6 ақпанда болған жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны 50 783 адамға жеткені белгілі болды.

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Күндіз жылы, түнде суық болады". Алматы қаласы бойынша алдағы аптаға арналған ауа райы болжамы

"Қар жауып, көктайғақ болады". Еліміз бойынша 31 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астанада ер адам өзін негізсіз жұмыстан шығарған жұмыс берушісінен 7 млн теңге өндіріп алды

Шымкентте көлігінен 4 млн теңгенің заты табылған ер адам қамауға алынды

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды