Өзбекстан азаматтарының 90 пайыздан астамы ел Конституциясына енгізілетін өзгерістерді қолдап дауыс берген

Сурет: pixabay
Алдын ала мәлімет бойынша, референдумда сайлаушылардың 90,21 пайызы Өзбекстан Конституциясына енгізілгелі жатқан өзгерістерді қолдап дауыс берсе, 9,35 пайызы қарсы екенін білдіріп дауыс берген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жексенбі күні Өзбекстан Конституциясының жаңа редакциясына қатысты өткен референдумға алдын ала мәлімет бойынша, жалпы сайлаушылардың 84,54 пайызы қатысты, деп жазады Gazeta.uz Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы басшысы келтірген мәліметке сүйеніп.

Сайлауда 16 673 189 адам дауыс берді, бұл тіркелген сайлаушылардың жалпы санының (19 722 809) 84,4%-ына тең, бюллетеньдердің 0,49%-ы жарамсыз деп танылды.

30 сәуірде Өзбекстанда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өтті. Конституцияға ұсынылып отырған түзетулерде Негізгі заңның мәтіні 65%-ға жаңартылып, баптар саны 128-ден 155-ке дейін ұлғаяды. Негізгі өзгерістер: жерге жеке меншік құқығын бекіту, өлім жазасына тыйым салу және президент мерзімін ұзарту. Енді Өзбекстанда президенттің билік басында болу мерзімі 5 жылдан 7 жылға дейін ұзартылды.

Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты