Сомалидегі қуаңшылық салдарынан бірнеше мыңдаған адам босып кетті

Сурет: pixabay
Сомалидегі қуаңшылық салдарынан дақылдар дұрыс шықпай, елді аштық қаупі жайлады. Жергілікті халықтың негізгі асы саналатын жүгері 23 пайызға қымбаттады. Аймақтан 150 мың тұрғын босып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Хабар 24" арнасы таратқан ақпарат бойынша, Шығыс Африка елдері соңғы 40 жылда болмаған құрғақшылық зардабын тартып отыр. Былтыр ашаршылықтан 43 мың адам қаза тапқан, әсіресе балалар көп қырылған.

Біріккен Ұлттар Ұйымы көмек көрсету үшін әлем елдерінен 2 милилард 600 миллион доллар қаржы сұраған. Әзірге 609 миллион доллар ғана жиналған.

Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының атқарушы директоры Синди Маккейннің сөзінше, былтыр аштыққа қарсы күрес жақсы жүргенімен, биыл кедергілер көп. Ақша мүлде аз. Ол климаттың өзгеруі мен түрлі қақтығыстарға төтеп беру тиісті қаржыны жинауға кедергі келтіріп жатқанын айтты. 

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды