Уоррен Баффет: Үкімет араласпағанда банк дағдарысы аласапыранға ұрындыруы мүмкін еді

Сурет: freepik
Berkshire Hathaway-дің төрағасы және бас директоры Уоррен Баффет банк дағдарысы кезіндегі АҚШ үкіметінің іс-қимылына жоғары баға берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол АҚШ-тың банк жүйесі тым күрделене түскенін, сондықтан банктердің банкротқа ұшырауына еш таң қалмағанын айтты, деп жазады NBC News.

Миллиардер пандемияның басында, содан кейін соңғы алты айда банктер акцияларын сатқанын мойындады, өйткені банктер бетімен кетіп, нарықтағы ауытқуларға тез бой алдыратын болған.

"Америкалық қоғам өзінің банктік жүйесін түсінбейтін халге жетті, бұл ретте кейбір адамдар, Конгрестегі кейбір саясаткерлер менен артық нәрсені білмейді", — деді Баффет.

Баффетті банктік операциялардың тым оңай, жеңіл болып кеткені алаңдатады. Оның айтуынша, бұл қайғылы салдарларға әкеліп соғуы мүмкін.


26 сәуір АҚШ-та тағы бір ірі банктің акциясы құлдырап, құнсызданды.

2023 жылдың наурызында бірден бірнеше америкалық банктерде проблема пайда болды. Содан кейін америкалық криптовалюта нарығы үшін басты банктің бірі - Silvergate Bank, стартаптармен жұмыс істеуге маманданған Silicon Valley Bank және Нью-Йорктегі Signature bank банкротқа ұшырады.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды