Қазақстан "Бір белдеу – бір жол" жобасына атсалыса береді – мемлекет басшысы

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші «Орталық Азия – Қытай» саммитінде көлік-логистика инфрақұрылымын дамытуымыз қажет екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев он жыл бұрын Астанада Си Цзиньпин мырза "Бір белдеу – бір жол" бастамасын ұсынғанын еске салды.

"Көлік-логистика инфрақұрылымын дамытуымыз қажет. Он жыл бұрын Астанада Си Цзиньпин мырза "Бір белдеу – бір жол" бастамасын ұсынған еді. Содан бері осы ауқымды жобаның тиімділігіне және қажет екеніне бүкіл әлем көз жеткізді. Бұл мегажоба Ұлы Жібек жолын жаңғырту ісіне ықпал етті. Сондай-ақ, көптеген елде заманауи көлік инфрақұрылымын салу жұмысын жандандырды. Қазақстан – Қытайдың жақын көршісі әрі сенімді серіктесі. Сондықтан, «Бір белдеу – бір жол» жобасына атсалыса береді". Президент

Осы орайда ол Қазақ-қытай шекарасында үшінші темір жол өткелін ашу маңызды қадам болмақ екенін қоса кетті.

Еске сала кетейік, қазір Қазақстан президенті Қытайда мемлекеттік сапарда. Ол бірінші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысып жатыр.

Қазақстан
Қытай
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты