Қазақстан Қытайдан Еуропаға өз аумағы арқылы жүк тасымалдау уақытын қысқартуды жоспарлап отыр

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан Қытайдан Еуропаға өз аумағы арқылы жүк тасымалдау уақытын бес күнге дейін қысқартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы «Еуропа Одағы – Орталық Азия» екінші экономикалық форумында премьер-министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкімет басшысы кейінгі екі жылда Қазақстан Қытайдан Еуропаға баратын ең ірі құрлық жолдарының аумағы болғанын атап өтті. Бұл ретте Транскаспий бағыты белсенді рөл атқарды.

Ол былтыр Ақтауда өткен транскаспийлік бағыт бойынша соңғы министрлер кездесуінің нәтижесін республика жоғары бағалайтынын, соның нәтижесінде Қазақстан, Түркия және Грузия осы дәлізді дамытудың «жол картасын» жасағанын қосты.

"Бірлескен күш-жігердің арқасында Қытайдан Еуропаға транзит уақыты кем дегенде үш есеге қысқарды. Біздің мақсатымыз - оны биыл қысқарту. Қазақстан аумағы арқылы өтетін транзит уақыты екі есе қысқарды - 12 күннен алты күнге дейін. Сонымен қатар жыл соңына дейін бұл көрсеткішті бес күнге жеткізуді жоспарлап отырмыз".Әлихан Смайылов

Форумның алдында Әлихан Смайылов еуропалық IT университеттерін Қазақстанда өз филиалын ашуға шақырған еді. Оның айтуынша, биыл Қазақстан 100 000 білікті IT маманын даярлауды жоспарлап отыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда қант диабетімен күрес күні қарсаңында көзді тегін тексеру шаралары ұйымдастырылды

"Күн қайта жылынады". Алматы бойынша 14-20 қараша аралығына арналған ауа райы болжамы

"Қар жауып, көктайғақ болады". Жексенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қарағанды облысында көктайғақ кезінде жол үстінде дрифт жасаған үш жүргізуші жауапқа тартылды

Ақмола облысында жұмысшыны ауыр темір басып қалды