Түркиядағы президент сайлауының бірінші турының нәтижесі белгілі болды

Сурет: Twitter/@VAA_2020
Жоғарғы сайлау комиссиясы Түркиядағы президенттік сайлаудың бірінші турының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Комиссияның мәліметінше, Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған президенттік сайлаудың бірінші турында 49,24%, жеті оппозициялық партия атынан сайлауға түскен оның қарсыласы Кемал Кылычдароғлу 45,07% дауыс жинады.

Resmi Gazete сайтының хабарлауынша, Түркиядағы сайлау қорытындысы бойынша Ердоған 26 млн 86 мың 102 дауыс, Кылычдароғлу 23 млн 873 мың 749 дауыс алды. AТА коалициясының кандидаты Синан Оганды 2 млн 796 мың 613  (5,28%), Мухаррем Инжені 0,41% сайлаушы қолдады. Сайлауға халықтың қатысу деңгейі 88,92% құрады, 1 млн 20 мыңнан астам дауыс жарамсыз деп танылды.

Шетелдік өкілдіктерде дауыс беру қорытындысы бойынша Ердоған - 57,7%, Қылышдароғлу 39,6% дауыс алды. Сайлаушылардың шетелдік өкілдіктерінде және шекара бекеттерінде берген дауыстарын ескере отырып, қазіргі президент 49,52%, Кылычдароғлуды 44,88% дауыс алды деп айтуға болады. 

Бұған дейін Түркияда президент сайлауы басталғаны хабарланған болатын.

Ердоған мен Кылычдароғлу екінші турға өтті.

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды