Сингапур президентінің Қазақстанға сапары барысында бірқатар құжатқа қол қойылды

Сурет: akorda.kz
Ақорда Сингапур президентінің Қазақстанға сапары барысында қандай құжаттарға қол қойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сингапур Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында мынадай құжаттарға қол қойылды:

1. Қазақстан Республикасы мен Сингапур Республикасы арасындағы қызметтер саудасы және инвестициялар туралы келісім;

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сингапур Республикасының Үкіметі арасындағы Орталық Азия елдері (С5) мемлекеттік қызметшілері үшін әлеуетті арттыру бағдарламасы шеңберіндегі ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

3. «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен «Enterprise Singapore» арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;

4. «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ мен «Enterprise Singapore» арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

Еске салайық, бұдан бұрын Сингапур президенті Халима Якоб Қазақстанға келгені хабарланған еді. Кейін ел басшылары келіссөз жүргізді.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады