Украинадағы жағдай: НАТО өз әскерінің Украинадағы қақтығысқа қатыса алатынын мәлімдеді

Ұлыбритания Беларусь еліне ақша, техникалар мен екіұдайлы мақсаттағы тауарларды экспорттауға тыйым салды. Зеленский Украинаның "Солтүстік ағын" құбырын жаруға қатысы жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Украина Қорғаныс министрінің орынбасары Анна Маляр елдің Қарулы Күштері оңтүстік бағытта шабуылды бастағанын растады;

- Washington Post және ABC Украинаның қарсы шабуылы басталғанын растады;

- РФ Қорғаныс министрі Шойгу 7 маусымда Украина Қарулы күштері көптеген адамдары мен техникасынан айырылғанын мәлімдеді. Ол жаудың бетін қайтарып, төрт бағытта кері кеткенін атап өтті;

- НАТО-ның бұрынғы Бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен The Guardian газетіне берген сұқбатында: "НАТО әскерлері Украина қақтығысына тікелей қатыса алады", деп мәлімдеді. Ол егер Киев "Вильнюсте ештеңеге қол жеткізе алмаса", онда Балтық елдері мен Польша Украинаға көмекке әскер жіберу үшін "еріктілер коалициясын" жинай алатынын атап өтті. НАТО саммиті Литва астанасында 11-12 шілде аралығында өтеді;

- Украина СІМ басшысы Дмитрий Кулеба қақтығыс аяқталғанға дейін шет мемлекеттер өз әскерлерін ел территориясына енгізбейтінін айтты;

- Сондай-ақ, Кулеба Кахов ГЭС-інің талқандалуы бойынша комиссия құруды ұсынған Түркия президенті Режеп Ердоғанға жауап берді. "Бұл арада кімнің кім екені анық. Құрметтілерім, сабыр сақтаңыздар... Мұндай жағдай біздің бастан өткен. Мұның бәрі орыстармен беріспек ойыны (дойбыдағы жүріс, тасты ұтқызып ойнау - авт) екені белгілі", делінген Дмитрий Кулебаның мәлімдемесінде;

- Украина Президенті Владимир Зеленский Кахов ГЭС-інің талқандалуы кезінде зардап шеккен Херсон облысына барды;

- Қазір Киевтің қолында Мәскеудің Кахов ГЭС-індегі апатқа қатысы барын дәлелдейтін ешқандай факт жоқ, - деді Зеленский Bild басылымына берген сұқбатында;

- Сондай-ақ, Зеленский Украинаның "Солтүстік ағын" құбырын жаруға қатыстылығын жоққа шығарды;

- Кахов ГЭС-індегі апаттан кейін 5 адам қаза тапты, 60 адам зардап шекті, - деді Херсон облысының вице-губернаторы Татьяна Кузьмич;

- Кахов ГЭС талқандалғаннан кейін Днепр өзені ағынының жылдамдығы 10 есеге артты, - деп хабарлады Херсон облысының билігі;

- РФ ТЖМ Кахов ГЭС-і талқандалғаннан кейін Херсон облысында 14 мың үйді су басқанын хабарлады;

- Владимир Путиннің Херсон облысына сапары жоспарда жоқ - деп атап өтті Ресей Федерациясы Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков;

- Еуропалық Одақ елдері Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакеті бойынша талқыда өзара келісімге келе алмады, жаңа талқылаулар 14 маусымға, яғни келесі кездесуге жоспарланды - Politico;

- Батыс Украинаға ондаған F-18 әскери ұшақтарын жеткізе алады, бұл келіссөздер барысында F-16 ұшақтары бойынша да бір уақытта талқылаулар жүріп жатыр, деп хабарлайды Politico;

- Үндістан Зеленскийді G20 саммитіне шақыруды жоспарлап отырған жоқ, - деді СІМ басшысы Субраманям Джайшанкар;

- Ұлыбритания Беларусь еліне ақша, техникалар мен қос мақсаттағы тауарларды, сондай-ақ "химиялық және биологиялық қару жасау үшін пайдаланылуы мүмкін тауарлар, технологиялар мен материалдарды" экспорттауға тыйым салды. 

Ресей Ұлыбритания Еуроодақ
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: