Оңтүстік Корея Абай облысындағы ормандарды қалпына келтіруге көмектеседі

Сурет: ҚР ТЖМ
Азиялық орман шаруашылығы ынтымақтастығы ұйымы (AFoCO) Қазақстанға ормандарды қалпына келтіруге және өрттің алдын алуға көмектеседі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Сеулде ұйымның вице-президентімен кездесуінде осылай деді, деп жазады «Хабар 24».

"Кореяда 50-60 жылда ормандарды қалпына келтіру мақсатында 11 миллиард ағаш егіліп, 2,5 миллион гектар жер қалпына келтірілді. Осыған байланысты біз корей тарапына олардың бай тәжірибесін бізбен бірге пайдалануды ұсындық".ҚР парламенті мәжілісі комитетінің төрағасы Еділ Жаңбыршин

Жаңбыршиннің айтуынша, мамандарды даярлау мәселелері де талқыланды.

"Бізге олардың технологиясын немесе біз үшін маңызды басқа мүмкіндіктерін пайдалану керек. Сонымен қатар оларды біздің азаматтарға тағылымдамадан өтуге көмектесуге шақыру керек".Еділ Жаңбыршин

Абай облысындағы өрт 8 маусымда қайта басталған. Кейінгі мәліметтер бойынша, 60 мың гектар орман өртеніп кетті. 14 адам қайтыс болды.

14 маусымда өрт сөндірілгені белгілі болды. Толық жойылғанға дейін локализацияланған ошақтарға үнемі су төгу, өрттің шетін топырақпен толтыру жұргізіле береді.

Қазақстан
Абай облысындағы өрт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда футбол қақпаларына қойылатын қауіпсіздік талаптары күшейтілді