Теңіз түбінде бес миллиардерімен қоса жоғалған батискафтағы оттегі түгесілді

Атлант мұхитының түбіне түсіп, жоғалып кеткен титан батискафтағы (теңіз түбінде өздігінен жүретін аппарат) туристердің оттегісі таусылды. Ол суға батқаннан бері 96 сағаттан астам уақыт өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы АҚШ жағалау күзетінің есебінде айтылады, оған сәйкес су асты аппаратының ішіндегі оттегі қоры 22 маусымда Астана уақыты бойынша сағат 17:08-де түгесілуі керек, деп хабарлайды NBC телекомпаниясы.

Сондай-ақ телеарнаға сұқбат берген сарапшылар батискафтың бортындағылар өз бетімен оттегі тұтынысын үнемдеуі мүмкін екенін атап өтті, сонда оттегі қоры уақытын ұзартуға болады. Ал, негізінен, құрылғы жолаушыларды 96 сағат ауамен қамтамасыз ете алады.

Сүңгуірлер, әдетте оттегі тұтынысын қалай үнемдеуге болатыны туралы нұсқаулық береді.

Бастапқыда батискаф жолаушыларды оттегімен 96 сағатқа қамтамасыз ете алады деп хабарланған, бұл - суға түскен күннен бастап төрт күн. Бұл мерзім бейсенбі күні таңертең аяқталды.

Бес адамға арналған Oceangate Expeditions батискафы 1912 жылы мұхит түбіне батып кеткен Титаник кемесінің бөлшектеріне экспедиция жасауға шыққан. Олар Атлант мұхитының түбінде Ньюфаундленд аралынан оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 650 шақырым жерде шамамен 3,8 шақырым тереңдікте орналасқан. The Wall Street Journal газетінің хабарлауынша, су түбіне түскендер кеме бөлшектері жанынан табылған ДНҚ үлгілерін жинап алуды жоспарлаған.

19 маусымда батискаф жоғалып кетті.

Бортта британдық миллиардер Хэмиш Хардинг те бар.  OceanGate америкалық компаниясы инвесторларының бірі Аарон Ньюманның айтуынша, батискаф өз конструкциясының арқасында суға түскеннен кейін бір күн өткен соң қайта су бетіне шығуы керек еді, бірақ олай болмады. БАҚ мәліметтері бойынша, ол жоғалған аймақта шамамен бес кеме іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Қызықты
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: