Ресейдегі жағдай: отқа оранған мұнай базасы, жолдағы шектеулер және лаңкестікке қарсы операция

Воронежде отқа оранған мұнай базасындағы өрт толығымен сөндірілді. Мәскеу және Тула облыстарының тас жолдарында енгізілген ішінара шектеулер әлі өз күшінде. Ресейдегі лаңкестікке қарсы операция режимі жақын арада жойылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы жексенбіде РФ ТЖМ-ның Воронеж облысы бойынша мекемесі хабарлады, деп жазады ТАСС.

Өрт авиацияға арналған жермай (керосин) толы резервуардағы қысымның төмендеуінен туындаған. Өрттің жалпы ауданы 800 шаршы метрді құрады, ал резервуардың сыйымдылығы 5000 текше метр делінеді. Өрт жергілікті уақыт бойынша сағат 00:40-та(Астана бойынша 03:40-та) толығымен сөндірілді. Резервуар толығымен өртеніп кетті.

Өртті жоюға 97 өрт сөндіруші мен 31 өрт техникасы қатысты. Сондай-ақ, өртті сөндіруге арнайы өрт сөндіру пойызы тартылды.

Дегенмен Мәскеу және Тула облыстарының тас жолында енгізілген шектеулер өз күшінде қалып отыр. М-4 "Дон" тас жолы әлі де жабық. 

"Ресейдегі терроризмге қарсы операция режимі жақын арада жойылады", - деді РФ Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Мәскеу қаласының мэрі Сергей Собянин дүйсенбі елорда тұрғындары мен қонақтары үшін демалыс болып қала беретінін жеткізді. Яғни, ешкім жұмысқа немесе қыдырып, демалу үшін көшеге шықпайды.

РФ Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Евгений Пригожинге қатысты қозғалған қарулы бүлік туралы қылмыстық іс тоқтатылатынын, "Вагнер" ЖӘК жасақтары далалық лагерьлеріне оралатынын, ал Пригожиннің өзі Беларусь еліне кететінін айтты.

Ресей
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: