Қазақстан каскадерлары Джеки Чанмен кездесті

Сурет: Instagram/nomadstunts
"Nomad Stunts" халықаралық кәсіби каскадерлар тобының мүшелері әйгілі актер, режиссер әрі каскадер Джеки Чанның түсірілім алаңына барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақ каскадерлары әлеуметтік желіде әлемдік кинематографияның аңызымен кездескен сәті туралы айтты.

"Армандар орындалады! Джеки Чанмен танысып, оның жаңа филімінің түсірілім алаңында болдық. Әзірге басқа ештеңе айта алмаймыз. Бірақ алдағы уақытта жақсы жаңалық күтіңіздер", - деп жазды топтың негізін қалаушы Жайдарбек Күнғожинов.


Кейін Жайдарбек Күнғожинов Джеки Чаннан алған сыйлығын көрсетті. Джеки Қазақстан каскадерына магнитті көзілдірігі бар арнайы қалпақ сыйлаған.

"Nomad Stunts" каскадерлық тобының мүшелері танымал фильмдердің түсірілімінде өнер көрсеткен: "Диснейден" "Мулан", "Томирис" және Netflix-тен "Патшаға хат", Киану Ривзбен бірге "47 Ронин", "Адамдар 2" , "Рэкетир 2" , "Анаға апарар жол", "Шал" және тағы басқа.

Бұған дейін Францияда қазақстандық режиссер Әділхан Ержановтың екі фильмі прокатқа шыққаны белгілі болған. Олар - "Обучение Адемоки" және "Штурм" артхаус фильмі.

Қазақстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі