Турист-блогер Қазаннан Қостанайға велосипедпен келген

Сурет: Zakon.kz
Саяхатшы-блогер Қазан қаласынан туған Қостанай облысына жету үшін велосипедпен 1,5 мың шақырымнан астам жол жүріп өткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қостанай облысының тумасы 33 жастағы Валерий Сморчков кейінгі бірнеше жыл Қазан қаласында тұрады. Ол екі жарым аптаның ішінде 1570 шақырым жол жүріп өтіп, Қазақстанға велосипедпен келген. Ата-анасына қонаққа келуді ұйғарған. Бұл туралы Kstnews.kz жазды.

Орташа алғанда, ол күніне 120 шақырымды еңсеріп, 9-10 сағат 15-17 км/сағ жылдамдықпен жүрген. Жолда достарымен, туыстарымен бірге үш рет шатырда түнеген. Валерийдің жүгінде шатыр, ұйықтайтын қап, үрлемелі төсеніш, оттық, бұқтырылған ет, шай, қарақұмық, су бар. Сонымен қатар фотоға түсіруге арналған жабдық пен Power bank қуаттағышты да ала шыққан. Панель велосипедшінің артына бекітілген.

Сморчков велоспорт туралы бейнеблог жүргізеді, сондықтан оған бүкіл жолды түсіру маңызды.

"Миссиям – жастарды велоспорт арқылы белсендіру, оларды қандай да бір белсенді іс-әрекетке тару. Мен жігіттермен, балалармен кездескенде, ақыт бөліп, сөйлесуге тырысамын", - дейді саяхатшы блогер.

Қостанай облысы велошабандоздың ұзақ жолындағы мақсаттарының біріне айналды. Ол 2200 шақырымды еңсеріп, Ресейдің Қорған қаласына жетуді жоспарлап отыр. Валерий Сморчков кері қайтар жолда автостоппен жүріп, велосипедті Қазанға жүкпен жіберуді жоспарлап отыр.

Ресей
Қазақстан
Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды