АҚШ Тайваньға 345 миллион доллар әскери көмек жібермек

Сурет: wikimedia
АҚШ президенті Джо Байден Вашингтон АҚШ қорғаныс министрлігінің резервінен Тайваньға 345 миллион долларға дейін көмек көрсететінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ABC телеарнасының хабарлауынша, көмекке тасымалданатын әуе қорғанысы жүйелері, атыс қарулары, зымырандар, барлау және бақылау құралдары кіреді.

Байден әкімшілігі алғаш рет аралға қорғаныс резервтерінен қомақты әскери көмек жіберу туралы шешім қабылдап отыр.

"Пентагонның қорғаныс өнімдері мен қызметтеріне, Тайваньға көмектесу үшін әскери салада білім беру және оқытуға 345 миллион долларға дейін қаржыландыруға бұйрық берілсін", – делінген Байден жасаған мәлімдемеде.

Бұған дейін Тайвань Қорғаныс министрлігі АҚШ-тан NASAMS әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін сатып алуға ниетті екенін білдірген.


АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды