Байден тағы ұятқа қалды

Сурет: Instagram/joebiden
АҚШ президенті Джо Байден өз сөзінде АҚШ-тың Үлкен каньонын "әлемнің тоғыз кереметінің бірі" деп атады, деп хабарлайды Zakon.kz.

РИА Новости агенттігінің жазуынша, президент екі рет қателескен – Үлкен каньон әлемнің кереметіне жатпайды әрі креметтер саны тоғыз емес, жетеу ғана.

"Үлкен каньон – әлемнің тоғыз кереметінің бірі, ойлаңызшы, ғажап. Американың әлемге әйгілі символы... Негізі мен тоғыз дедім, бірақ бұл әлемнің жеті кереметінің бірі", – деді Байден. 

Байден ұлының әскери қызметі жөнінде сөйлеген сөздерінде Канаданы Қытаймен, Иракты Иранмен шатастырған. Бүған қоса ол журналистердің НАТО туралы сұрағына жауап беріп тұрып, Ресей мен Украинаны да шатастырып алған.

Мұндай келеңсіз жайтқа Байденнің егде тартқан жасы кінәлі болса керек. Дегенмен, ол 2024 жылы екінші рет сайлауға түсуге ниетті екенін мәлімдеді. Келесі сайлауда оның жасы сексен екіден асады.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі