Қазақстан оқушылары Igeo халықаралық олимпиадасынан алтын мен қола жеңіп алды

Сурет: Оқу-ағарту министрлігі
Индонезияның Бандунг қаласында IGeO-2023 географиядан халықаралық олимпиада мәресіне жетті. Байқауда Қазақстан қоржыны екі медальмен толықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ел намысын география пәнінен республикалық олимпиаданың төрт жеңімпазы қорғаған. Олар үш тур – жазбаша тест, мультимедиялық тест және практикалық тапсырма бойынша жарысты.

Халықаралық олимпиада қорытындысы бойынша медальдар қоржыны екі жүлдемен толықты:

Айта кетері, IGeO алғаш рет 1996 жылы Халықаралық географиялық одақтың (IGU) қолдауымен Гаагада өткен еді. Қазақстан құрама командасы олимпиадаға 2012 жылдан бері қатысып, барлығы 3 алтын, 1 күміс және 4 қола жеңіп алған.

Олимпиаданың негізгі міндеттері – оқушылардың географияға және қоршаған орта туралы ғылымдарға қызығушылығын ынталандыру, халықаралық өзара байланысты нығайту.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін