Өзбекстанда көп әйел алғандар мен бетін бүркемелегендер жазаланатын болды

Өзбекстанда депутаттар көп әйел алғандарды және жеке басты анықтауға кедергі келтіретін киім кигендерді (хиджап) жауапкершілікке тартуды қарастыратын заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қылмыстық кодекске және әкімшілік жауапкершілік кодекске енгізілген түзетулер Өзбекстанның зайырлы мемлекет ретінде Конституциямен бекітілген анықтаманың құқықтық базасын құрады, делінген заң шығарушы палата хабарламасында.

"Екі және одан да көп әйелмен бірге тұруды насихаттаушыларға, әйелдер мен ер адамдардың тең құқықтарын ашық түрде жоққа шығарғуға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған", делінген құжатта.

Депутаттар қабылданып жатқан шараларға қарамастан, Өзбекстанда діни рәсімдер бойынша жасалатын неке саны артып келе жатқанын, осыған байланысты көп әйел алу жағдайларының да қарасы ұлғайғанын атап өтті. Елде көп әйел алуды және оның "артықшылықтарын" насихаттау қарқын алуда. Нәтижесінде некесіз туылған балалардың саны да артуда.

Сонымен қатар, Өзбекстанда қоғамдық орындарда "азаматтардың жеке басын анықтауға мүмкіндік бермейтін киім" кигені үшін әкімшілік жауапкершілік шарасы енгізілуде.

"Дегенмен бұл ретте артықшылық берілетін тұс бар. Медициналық нұсқаулық негізінде немесе еңбекпен байланысты жабылу, бірақ сәйкестендірілетін жағдайға кедергі келтірмеу болса, мысалы жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған арнайы бас киімдер немесе спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шаралар кезінде және заңмен рұқсат етілген басқа жағдайларда",  делінген хабарламада.

Депутаттар бұл заң жобасын қабылдау ұлтаралық келісімді, діни төзімділікті және әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауды одан әрі нығайтуға, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі күш-жігердің тиімділігін арттыруға қызмет ететінін атап өтті.


Өзбекстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: