Биыл жазда Қазақстанға шетелден 448 мың турист келген

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
eQonaq ақпараттық жүйесінің дерегі бойынша, жаздың үш айында елімізге 448 мың шетелдік турист келді. Олардың 64,6%-ы - ер азаматтар. Ал шетелдік қонақтардың басым бөлігі 30-44 жас аралығында, деп хабарлайды Zakon.kz.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, шетелдіктер ең көп тоқтаған өңірлердің көшін Алматы қаласы бастап тұр. Оңтүстік астанамызға 139 мыңнан астам турист келген. Екінші орында Астана қаласы. Елордаға жазғы маусымда 68 мың шетелдік қонақ тоқтаған. Үздік үштікті Алматы облысы жапты. Мұнда 34 мыңға жуық шетелдік саяхаттап келген.

Шетелден келген туристер еліміздің батысына да жиі барған. Мысалы, жаздың үш айында Маңғыстау облысына 28 мыңнан астам шетел азаматы келсе, Атырау облысына 25 мыңнан артық шетелдік турист тоқтаған.

Сонымен бірге Ақмола облысына 21 мыңға жуық, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды мен Солтүстік Қазақстан облыстарына 14 мыңнан астам шетелдік турист келген.


"Жалпы алғанда жыл басынан Қазақстанға келген шетелдік туристер саны 1,8 есе артып отыр. 2023 жылдың соңына дейін елімізге 1,4 млн шетелдік турист келеді деген болжам бар",- деді ҚР Туризм және спорт министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.

Қазақстан
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді