Ханчжоудағы Азия ойындарында Қазақстан спортшыларын Димаштың жанкүйерлері қолдап келген

Сурет: Zakon.kz
Ханчжоуда өтіп жатқан XIX Азия ойындарында Қазақстан спортшылары жергілікті жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленіп жатыр. Біздің құрамаға Қытайда оқып жатқан студенттер, қандастармен қатар жергілікті спорт жанкүйерлері де қолдау білдіріп жатыр.

"Қазақстан дзюдошыларының белдесуін көрдім. Жақсы өнер көрсетті. Қазақстанда да ірі халықаралық іс-шаралар өтетінін білемін. 2017 жылы сіздерде ЭКСПО көрмесі өткенінен хабардармын",- деді Ханчжоу тұрғыны Дэн Юэ.
Сонымен қатар Азиадада жүрген еріктілердің арасында Қазақстан спортшыларына қолдау білдіретіндер көп. Олардың басым бөлігі - Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері. Жастардан бөлек, Димаштың өнерін бағалайтын ересектер де қазақстандықтарға ыстық ықылас білдіріп жатыр.

"Иә, мен Димашты білемін, концертте көрдім, өте керемет! Қазақстанның спортшылары мен жанкүйерлеріне алыстан келіп, Азиадаға қатысқандары үшін алғыс білдіреміз. Бұл - өз еліне және спортқа деген сүйіспеншіліктің дәлелі", - дейді Азия ойындарын тамашалауға Бейжіңнен келген Лю Пэнчжань.
Қазақстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қалың қар мен нөсер жаңбыр жауып, -9 градусқа дейін аяз болады

29 қазандағы Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Синоптиктер болжамды өзгертті: Алматыда жаңбыр мен үсік болмайды

Қазақстанда жыл сайын 260 млн текше метрге дейін су үнемдеу жоспарланып отыр

Қазақстанда білім басқармаларының міндеттері мен өкілеттіктері өзгерді