Президент Құран сияқты қасиетті кітаптар вандализмнен құқықтық тұрғыда қорғалуға тиіс екенін айтты

Сурет: Zakon.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Исламға және басқа да діндерге қатысты жасалған мұндай әрекеттерден еркіндіктің, сөз бостандығының және демократияның нышаны білінбейді деді. Бұл туралы ҚР президентінің Телерадиокешені дайындаған эксклюзив "Батыл бастама" фильмінде айтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

27 қыркүйекте еліміздің бірнеше арнасынан ҚР президентінің Телерадиокешені дайындаған эксклюзив "Батыл бастама" фильмі көрсетілді. Онда Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йоркке сапары туралы толығырақ айтылды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы 78-сессиясының Жалпы дебатында Құран сияқты кітаптардың бәрі вандализмнен қорғалуға тиіс екенін де айтты.

"Бейбіт, беймарал өмір қарар қабылдап, декларацияға қол қоюмен орындалмайды. Оны қалыптастыруда дінаралық диалог та маңызды роль атқарады. Жуырда қасиетті кітаптарға құрметсіздік таныту фактілері болды. Біз бұған алаңдаймыз. Исламға және басқа да діндерге қатысты жасалған мұндай әрекеттерден еркіндіктің, сөз бостандығының және демократияның нышаны білінбейді. Құран сияқты қасиетті кітаптардың бәрі вандализмнен құқықтық тұрғыда қорғалуға тиіс", - деді Қазақстан президенті.
Қазақстан
БҰҰ
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Алматы метросында колледж студентінен үш оқ табылды

Қазақстан мен БАӘ жүргізуші куәліктерін өзара тану жөнінде келісімге келді

Алматыда қаза тапқан полиция қызметкері жеті баланың әкесі болған