Тәліптер Ауғанстандағы Қытай азаматтарының қауіпсіздігіне кепілдік берді

Сурет: X/@ChristopherAnzalone
Қытайға төнген лаңкестік қауіп "өзімізге сын". "Талибан" қозғалысының басшылығы Бейжіңге осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ауғанстан Сыртқы істер министрі Амир Хан Муттаки тәліптер Ауғанстандағы Қытайды нысанаға алған лаңкестік әрекеттерге жол бермейтінін айтты, деп хабарлайды SCMP.

Тибеттің Нинчи қаласында Қытай Сыртқы істер министрі Ван Имен сөйлескен Муттаки Талибанның лаңкестікпен күресуде үлкен жұмыс атқарғанын айтты.

Біз Ауғанстандағы Қытайдың қауіпсіздігі мен тұрақтылығына нұқсан келтіретін кез келген әрекетке жол бермейміз" деді.Әмір хан Муттақи

Ол сонымен қатар Ауғанстандағы Қытай азаматтарының қауіпсіздігіне "тиімді кепілдік" берді.

Ауғанстанда Қытай азаматтарына қарсы лаңкестік әрекет болып жатыр. Желтоқсан айында Кабулдағы қонақүйде "Ислам мемлекеті" лаңкестері жасаған жарылыстан бес Қытай азаматы зардап шекті. Бір айдан кейін Қытай дипломатиялық делегациясы келіссөз жүргізіп жатқан кезде Ауғанстан Сыртқы істер министрлігіне шабуыл жасалды.

Ван И Ауғанстан тарапы лаңкестікпен күресті жалғастырып, Ауғанстанда орналасқан "Шығыс Түркістан ислам қозғалысының лаңкестік күштерін" толығымен жояды деген үмітін білдірді.

"Біз Ауғанстанға көршілерімен қарым-қатынасты дамытуға және аймақтық экономикалық ынтымақтастыққа жақсырақ интеграциялануға көмектесуді жалғастырғымыз келеді".Ван И

Қытай – Қазақстан, Пәкістан және Ресеймен бірге 2021 жылдың тамызында тәліптер билікті басып алған соң Ауғанстанға дипломатиялық қатысуын сақтап қалған санаулы елдердің бірі.

Ауғанстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды