Таяу Шығыстағы соғыс: АҚШ Израильге қандай көмек көрсетеді

Сурет: pixabay
АҚШ әскери-теңіз күштерінің авиатасымалдағыш соққы беру тобы Жерорта теңізінің шығыс бөлігіне бет алды. Израиль АҚШ-тан жолғары дәлдіктегі бомбалар мен тосқауылшы сұрап отыр.Вашингтон позициясын нығайту аясында Таяу Шығысқа көбінде жойғыш ұшақтар жіберіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қорғаныс министрі Ллойд Остиннің айтуынша, АҚШ Әскери-теңіз күштерінің соққы беру тобы Жерорта теңізінің шығысына қарай бет алды, Израиль Газа секторындағы Хамасқа қарсы кең ауқымды науқанға дайындалып жатыр, деп жазды CNN.

Әлеуметтік желідегі жазбаларға қарағанда, осы аптаның басында италиялық әскери-теңіз күштерінің құрамында жүзген атом авиатасымалдағышы мен америкалық "Джеральд Р. Форд" авиатасымалдағышы Израильге жақындады.

Авиатасымалдаушы басқарылатын зымыран эсминецтермен және Әскери-теңіз күштерінің басқа екі сыныпты әскери кемелері болып саналатын басқарылатын зымыран крейсерлермен қатар жүріп отырады.

АҚШ сонымен қатар F-35, F-15, F-16 және A-10 эскадрильяларын қоса алғанда, аймақтағы жойғыштарының санын арттыру шаралар қабылдап жатыр. Ол соңғы айларда ирандық күштердің аймақтағы, соның ішінде Сирия мен Оман шығанағындағы агрессиясына жауап ретінде Таяу Шығысқа осындай бірнеше ұшақ жіберді.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды