Палестиналыққа тұрмысқа шыққандар: Газа секторында қанша қазақстандық бар

Сурет: pixabay
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Газа секторында қанша қазақстандық бар екенін айтты. Негізінен олар - палестиналықтарға тұрмысқа шыққан қазақ әйелдері, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ол ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

"Қазақстанның Иорданиядағы елшілігінің қолжетімді ақпараты бойынша, Газа секторында 25-ке жуық отбасында Қазақстанның төлқұжатымен азаматтар анықталған. Олар – негізінен Палестина азаматтарымен некеге тұрған біздің азаматтар, әйелдер. Олар операцияларға, сонымен қатар жалғасып жатқан бомбаларға байланысты қауіпсіз жер іздеп Газа секторында орын ауыстырып жүр. Жер астындағы қозғалыс қиын, байланыс пен электр қуатына қатысты мәселелер бар".Айбек Смадияров

Қазір Сыртқы істер министрлігі қосымша ақпаратты анықтап жатыр.

Сонымен қатар ол бүгінде Қазақстанның Израильдегі елшілігінің консулдық есебінде 77 адам бар екенін, оған елшілік қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері де кіретінін айтты. Қазақстаннан 5 студент Израиль университеттерінде білім алып жатыр, ал 30-ға жуық қазақстандық Израильдің түрлі медицина мекемелерінде – барлығы 112 адам тағылымдамадан өтіп жатыр.

Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыс 7 қазан күні таңертең шиеленісті. ХАМАС Израиль аумағына мыңдаған зымыран атқылаған. Израиль бұған жауап ретінде "Темір қылыштар" операциясын бастады. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху елдің соғыс жағдайында екенін баса айтты.

Қазақстан
Израиль және Палестина

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты