АҚШ-та Қазақстан тумасы өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Бүгіндері АҚШ азаматы болып табылатын 46 жастағы Қазақстан тумасы Руслан Асайыновқа ДАИШ-қа қолдау көрсетті деген айып тағылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айыпталушы Асайынов шетелдік террористік ұйымда снайпер әрі қаруды қолдануды үйретуші маман болған және Сириядағы көптеген қарулы қақтығыстарға қатысқан, делінген АҚШ Әділет министрлігі сайтында жарияланған хабарламада.

Аталған ведомство мәліметінше, Руслан Асайынов 2013 жылы Нью-Йорктан Түркия арқылы Сирияға барып, ДАИШ-ке (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) снайпер ретінде қосылған. Аз уақыт ішінде ол лагерьлерге жаңадан келген топ мүшелерін оқытуға жауапты "әмір" болып тағайындалған. Сондай-ақ Асайынов АҚШ азаматтарын тартуға тырысқан.  

"Үкім Асайыновты ДАИШ мүшесі кезінде жасаған қанды қырғынға кінәлі деп санайды. Сотталушы өз өмірін осы лаңкестік ұйымға арнап, Сириядағы ДАИШ үшін снайпер қызметін атқарды. Қазір ол жасаған қылмысы үшін жауапқа тартылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Руслан Маратұлы Асайынов темір тордың артына қамалған кезде әлем, сөзсіз, қауіпсіз жерге айналды", делінген Нью-Йорк Шығыс округінің федералды сотының хабарламасында.

Іс материалдарында Асайыновтың әйелі мен қызын тастап кеткені айтылады. Айыпталушының әйелі сотта куәлік берді. Ол күйеуінің өзіне содырлар өлтірген адамдардың денесімен бірге түскен суретін жібергенін айтты.

АҚШ-та Қазақстан азаматына айып тағылғаны туралы 2019 жылы белгілі болды. Асайынов Сирия-Ирак шекарасына жақын Багуз қаласында болған атыстан кейін Сирияда тұтқынға алынды. Қазақстан тумасы АҚШ-қа жеткізіліп, Федералдық қауіпсіздік қызметіне тапсырылды.

АҚШ
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: