Палестина ақпарат көздерінің хабарлауынша, Газаға шабуылды израильдік әскерилер жасаған, олар грек православ шіркеуін бомбалаған. Атыс болған кезде ғибадатханада бірнеше адам жасырынып отырған, деп жазды Ertnews.
Салдарынан бір бала қаза тауып, ондаған адам жараланған. Бірнеше адам үйінді астында қалған.
"Газадағы Ішкі істер министрлігі Израильдің рейдтері салдарынан Газаның орталық қаласында Әулие Порфириос грек православ шіркеуінің қирағанын хабарлады және шіркеуді паналаған адамдар арасында жарақат алғандар бар екенін растады. Онда 50 адам болған, оның көбі балалар мен әйелдер", – деп хабарлады БАҚ-қа.
Сурет: әлеуметтік желіден алынды
Газа секторында мыңға жуық палестиналық христиан тұрады, олардың көпшілігі православиелік және католиктік шіркеулерге жатады, бұдан бөлек баптисттік шіркеу бар, деп жазды басылым.
Иерусалим патриархаты зымыранмен шабуылдан кейін Газадағы шіркеудің суретін жариялап, Израильді әскери қылмыс жасады деп айыптады, деп мәлімдеді REN TV.
Соңғы мәліметтер бойынша, Газа секторында қаза тапқандар саны 3859-ға жетті, тағы 13 500-ден астам адам жараланған. Бұл жөнінде 19 қазан күні кешке Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, деп жазды WAFA.