Ақтауда Ресейдің бас консулдығы ашылмақ

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев 9 қарашада Ақордада Владимир Путинмен кездесуінде Ақтауда Ресей бас консулдығы ашылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы бұл екі ел арасындағы дипломатиялық өзара іс-қимылды кеңейтетінін атап өтті.

"Жақын арада Ақтауда Ресейдің бас консулдығын ашу жоспарланып отыр. Биыл Қазақстанның Ресейдегі өкілдіктерінің желісі Екатеринбургтегі бас консулдықпен толықты. Санкт-Петербург, Қазан, Астрахан және Омбыда Қазақстанның бас консулдықтары ашылды".Қасым-Жомарт Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Қазақстанда жұмыс істейтін шетел капиталы бар кәсіпорындар саны бойынша сөзсіз көшбасшы екенін айтты.

"Елімізде 20 мыңнан астам ресейлік компания тіркелген. Тікелей инвестиция, біздің бағалауымызша, 20 миллиард доллардан асты. Кейінгі екі жылда 3,5 миллиард долларға жуық инвестиция құйылды. Қазақстандық инвестиция көлемі 6 миллиард долларға жетті. Мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық белсенді түрде ілгерілеп жатыр. Ресей мұнайын Қытайға, сонымен қатар біздің еліміздің аумағы арқылы Өзбекстанға газды тасымалдау туралы келісімдер оны жаңа деңгейге көтерді".Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент Владимир Путин Қазақстан мен Ресейдің ХІХ өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Ақордаға келді. Қостанайда өтіп жатқан форумға президенттер бейнебайланыс арқылы қатысып жатыр.

Владимир Путиннің ұшағы 9 қараша күні таңертең Астана әуежайына қонды. Сапар аясында екі ел басшыларының келіссөздері жоспарланып отыр, онда Қазақстан-Ресей стратегиялық әріптестігінің өзекті мәселелері талқыланады.

Ресей
Қазақстан
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шоттар бұғатталып, полиция араласады": ІІМ қазақстандықтарға ескерту жасады

Елордада пәтер ұрлығын жасаған күдікті ұсталды

Ақтөбеде қоқыс маңынан табылған сәбиге Батыр есімі берілді

Алматы әуежайында ұсталған бойжеткен 16 жылға сотталды

Қазақстанда жемқорлар, педофилдер мен лаңкестер рақымшылыққа ілікпейді