Әл-Шифа ауруханасында әскери операция әлі жүріп жатыр

Сурет: wikimedia
ЦАХАЛ әл-Шифа ауруханасының барлық бөлімшесіне шабуыл жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Al Jazeera арнасының мәліметінше, ЦАХАЛ әл-Шифа медициналық орталығындағы операцияларын әлі жалғастырып жатыр.

Al Mayadeen таратқан мәліметтер бойынша, қазіргі уақытта әл-Шифа ауруханасында кем дегенде 6 мың адам, оның ішінде медициналық орталықтың пациенттері мен қызметкерлері, сондай-ақ аурухананы паналаған босқындар бар.

ЦАХАЛ бірнеше күн бұрын қоршауға алынған әл-Шифа ауруханасының аумағында операция жүргізілетінін ресми жариялаған. Израиль әскерилері ХАМАС содырлары аурухананың бір бөлігін жер асты нысандарын жабу үшін пайдаланып жатқанына сенімді. Пентагон да ХАМАС Газа секторындағы ауруханаларды, оның ішінде әл-Шифа ауруханасын әскери мақсатта пайдаланып жатыр деп есептейді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша, ауруханада 600-650 науқас, 200-ден 500-ге дейін медицина қызметкері және 1,5 мыңға жуық босқын бар.

Бұған қоса Израиль әскерилерінің Газа секторындағы ең үлкен ауруханаға гуманитарлық көмекті жеткізгені мәлім болды.

Израиль және Палестина

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз