Түркияда жер сілкінді

Сурет: pixabay
Түркияның солтүстік-батысында магнитудасы 5,1-тең жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің күшеюінен қорыққан жергілікті тұрғындар үрейден үйін тастап қашқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

ABC News сайтының жазуынша, 4 желтоқсанда Түркияның солтүстік-батысында магнитудасы 5,1 болатын "орташа күшті" жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпулеріне байланысты Гемлик қаласының тұрғындары дүрлігіп, үйін тастап қаша бастады.

Түркияның Төтенше жағдайлар басқармасы жер сілкінісі солтүстік-батыстағы Бурса провинциясында жергілікті уақыт бойынша 10:42-де (Астана уақытымен 13:42) болғанын растады. Жерасты дүмпулерінің ошағы Мәрмәр теңізінде тоғыз шақырым тереңдікте орналасқан. Агенттік қанша адам зардап шеккенін және қанша ғимарат бүлінгенін айтпады.

HaberTurk телеарнасының хабарлауынша, жер сілкінісі Ыстамбұл мен оның маңындағы аймақтарда сезілген. Адамдар күшті жер сілкінісінен қорқып, үйлері мен кеңселерінен қашып кетті.

Ақпан айының басында Түркияның 11 провинциясы мен Сирияның солтүстігінде бірнеше жойқын жер сілкінісі болып, 50 мыңнан астам адам қаза тапты.

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстанға аптап ыстықтың жаңа толқыны мен жаңбыр қатар келеді

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды