Келесі жылы Қазақстан мен Малайзия арасында тікелей рейстер саны артады

Сурет: Туризм және спорт министрлігі
ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев Air Asia Х әуе компаниясының бас директоры Беньямин бин Исмаил және компания өкілдерімен кездесті. Тараптар Қазақстанның туристік әлеуетін дамыту перспективасын, жолаушыларды арттыру жоспарын талқылады.

Оның айтуынша, тікелей рейстердің ашылуы – әзірше тек бірінші кезең.

"Тікелей рейстер саяхатшылар үшін қолайлы жағдай жасап қана қоймай, елімізді шетелдік туристерге қолжетімді етеді. Сонымен қатар туристер санының артуына, келу туризмінің географиясын кеңейтуге және туристік бизнеске жаңа мүмкіндік жасайды", - деді Ержан Еркінбаев.

Әуе рейстері екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамытуда шешуші рөл атқарады. Олар іскерлік келіссөздерді жеңілдетіп, сауда мен инвестицияны ынталандырады. Куала-Лумпур мен Алматы арасында ашылатын рейстер аясында бизнес-туризм ағынының артуы болжанды. Бұл тәжірибе мен білім алмасуға ықпал етіп, инвестициялау мүмкіндігін кеңейтеді.

Өз кезегінде Air Asia өкілдері Куала-Лумпур мен Алматы арасында 2024 жылдың наурызынан бастап аптасына төрт рейс (сейсенбі, бейсенбі, сенбі және жексенбі) жиілігімен тікелей тұрақты жолаушылар рейсін іске қосуға ниетті екенін жеткізді.

Әуе компаниясы өкілдерінің айтуынша, бұл қадам екі ел арасындағы туристік, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашпақ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қалың қар мен нөсер жаңбыр жауып, -9 градусқа дейін аяз болады

29 қазандағы Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Синоптиктер болжамды өзгертті: Алматыда жаңбыр мен үсік болмайды

Қазақстанда жыл сайын 260 млн текше метрге дейін су үнемдеу жоспарланып отыр

Қазақстанда білім басқармаларының міндеттері мен өкілеттіктері өзгерді