Түркіменстанда Жаңа жыл тойланбауы мүмкін

Сурет: pixabay
Түркіменстанда балабақшалар мен мектептерде жаңажылдық шаралар өткізілмейді. Сондай-ақ, жергілікті жерлердегі әкімшілік ғимараттар мен кеңселердің алдында шырша орнатуға да рұқсат етілмеді. Билік өкілдері бұған қатысты әлі түсініктеме берген жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Хроники Туркменистана" басылымының хабарлауынша, биыл Түркіменстанда Жаңа жыл қарсаңында діни тенденциялар күш алып тұр.

Имамдар мешітке келушілерге "мұсылмандарға жат мерекені атап өтпеуді" уағыздауда, базарларда шошқа еті сатылымын шектеп, ал ведомстволық ғимараттар алдына орнатылған шыршалар, керісінше алынып тасталып жатыр. Дегенмен өткен жылы, керісінше, ғимараттың алдына, сондай-ақ ішіне де, яғни екі шырша орнату тапсырылған. 

Осыған қарамастан Түркіменстан халқы, әдеттегідей Жаңа жылды қарсы алуға дайындалып жатыр. Саудагерлер полицейлердің өздеріне 31 желтоқсанда кешкі сағат 10-нан кейін алкоголь сатуға тыйым салынатынын ескерткенін айтып, шағымдануда. 

Түрікменстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін