Тайваньдағы жер сілкінісінің салдары туралы видеолар тарап кетті

Сурет: Indiana university
Тайваньдағы қатар келген екі жер сілкінісінің салдарын жергілікті тұрғындар әлеуметтік желіде жарыса жариялауда. Алғашқы дүмпулердің қуаттылығы 7,5 балл болса, екіншісі – 6,6 баллдық шкаламен тіркелді,- деп хабарлайды Zakon.kz.

Метеорологтар кейінірек Тайваньның шығысында тіркелген магнитудасы 5,4-ке дейінгі тағы төрт жер сілкінісі туралы хабарлады.

TVBS мәліметтері бойынша, бұл Тайваньдағы 25 жылдағы ең жойқын жер сілкінісі және тағы да қуаттылығы 6,5-7 баллдық дүмпулер болуы мүмкін.

Жер сілкінісі нәтижесінде Хуалянь қаласындағы ғимараттар қирады. Сондай-ақ, Тайбэйдің кейбір аудандарында электр қуаты өшкен және қаладағы метрополитен жолдарын тоқтатуға тура келген. Бұдан бөлек аралдың шығысында көшкін жүріп өтті.TVBS

Бұған дейін Жапонияда цунами туралы ескерту жүргізілгені туралы хабарланған болатын. Жергілікті метеорологтар халыққа үш метрлік цунами жақындап келе жатқанын айтқан. Осыған байланысты билік Окинава префектурасы аймағындағы адамдарға эвакуациялануды ұсынуда.

Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Азия ойындары: 23 қыркүйекте ел намысын кімдер қорғайды

Кітап оқымаса, не болады? Журналист маңызды бір жайтты түсіндірді

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай