БҰҰ: Газа секторында "кең ауқымды ашаршылық" байқалады

Сурет: UNICEF/Eyad El Baba
Газа секторының солтүстік бөлігінде "кең ауқымды ашаршылық" байқалады, оның жеті айға жуық соғыс барысында бүкіл секторға тез қанат жайып жатқанын БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы (ДАТБ) ескертеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ДАТБ атқарушы директоры Синди Маккейн хабарлады.

Бағдарлама басшысы NBC-ге берген сұқбатында: "Енді қалай түсіндірсе болады, солтүстікті аштық жайлаған, кең ауқымды аштық және ол оңтүстікке қарай ұласып барады", - деді.

Маккейннің бұл мәлімдемесі аштық туралы ресми мәлімдемеге жатпайды, бірақ ол мұны ДАТБ қызметкерлерінің көзімен көрген жағдайларға негізделгенін айтады. 


"Сұмдық жағдай. Оған жәй қараудың өзі өте ауыр, ондайды естігеннің өзі азап", - деді ол Газа секторындағы жағдайға қатысты пікірінде. 

ДАТБ атысты доғаруды және Газа секторына өздерін "кедергісіз өткізуді" сұрайды, өйткені бұл аумаққа көмек жеткізу "өте қиын".

Айта кетсек, БҰҰ мәліметтері бойынша, Газа секторының аумағында жарылмай қалған снарядтардан тазарту үшін 14 жыл қажет болуы мүмкін.

БҰҰ
Израиль және Палестина

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты