Әйел супермаркеттің шатырында шамамен бір жылдай өмір сүрген

Сурет: pixabay
Мичиганда үйсіз әйел супермаркеттің шатырында бір жылдай өмір сүрген, бірақ бұл туралы ешкім білмеген, деп хабарлайды Zakon.kz.

34 жастағы әйелді шатырға апаратын сымды тексеріп жүрген жұмысшылар тапқан. Әйел ол жерге еден жасап, электр қуатына розетка арқылы қол жеткізген. Сонымен қатар, кофеқайнатқышты, компьютерді және принтерді желіге қосып, шағын үстел орнатқан.

Тұрғынның шатырға қалай көтерілгені белгісіз, өйткені баспалдақ жоғарыға көтерілмейді. Бұл қабілеті үшін полиция оны "шатырдағы Ниндзя" деп атады. Әйелдің өзі құпиясын құқық қорғау органдарына айтпаған.

Ол бұрын басқа жерде жұмыс істегенін, және оның үйі жоқ екенін ғана атап өтті. Алайда үйсіздерге қызмет көрсету орталғына барудан бас тартқан. Құқық қорғау органдары одан кетуін сұрағанда, ол келісіп, қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

"Ол кешірім сұрап, кетіп қалды. Ол жерден қайда кеткенін білмеймін", - деді полиция өкілі.


АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды