Бішкектегі түнгі аласапыранға байланысты ресми түсініктеме берілді

Сурет: видеодан алынды
Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрлігі 18 мамырға қараған түні ел астанасында шетелдіктердің қатысуымен болған жаппай төбелеске қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәлімдеме сыртқы саясат ведомствосының ресми сайтында жарияланды.

СІМ хабарлағандай, ел милициясы аталған оқиға факт туралы ақпарат түскен сәттен бастап "оқиғаға қатысы бар шетелдік азаматтарды да, Қырғыз Республикасының азаматтарын да ұстау бойынша жедел шаралар қабылдады".

"Жағдай толығымен күш құрылымдарының бақылауында болды. Азаматтардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіп қамтамасыз етілді. Оқиғаға қатысушылар арасында ауыр зардап шеккендер жоқ. Медициналық мекемелерге 15-ке жуық азамат жүгінді. Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрлігіне зардап шеккен шетел азаматтары бойынша қандай да бір хабарламалар түскен жоқ", делінген СІМ мәлімдемесінде.

Сондай-ақ, ведомство БАҚ пен шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің өкілдерін жалған және тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырды.

Бұл арада ашып көрсетілмеген шетелдіктер дегендері пәкістандықтар болуы мүмкін. Бұған дейін жаппай тәртіпсіздіктер туралы Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф түсініктеме берген болатын. 18 мамырға қараған түні Бішкек полициясы 300-ге жуық жас жігіттің жаппай төбелестен кейін шетелдіктерден кек алу үшін көтерілуіне байланысты барлық жеке құрамды аяғынан тік тұрғызды. Милиция кордондар қойып, топ адамды тежеп ұстауға тырысты. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғызстанмен шекарадағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады.

Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты