IRNA-ның ақпаратынша, Эсмаили апат болған күні басқа тікұшақта болған. Ол ұшу кезінде ауа-райы қолайлы болғанын, бұлтты тек аспанның бір бөлігінде көрінгенін атап өтті.
"Президент бортының ұшқышы командир ретінде бізге биікке көтерілуді және бұлттардың үстімен ұшуды тапсырды. Екі тікұшақта биікке көтерілгеннен кейін, шамамен 30 секундтан соң біздің ұшқыш Президенттің тікұшағы жоғалып кеткенін түсінді", – деді ол.
Олардың ұшқышы жоғалған тікұшақтың жолаушыларымен байланысуға тырысқан, бірақ ешкім жауап бермеген. Арада сәл уақыт өткеннен кейін Раисимен бірге ұшқан Тебриз қаласының Джума мешітінің имамы Мұхаммед-Али Әл-Хашем байланысқа шыққан. Ол өзін нашар сезінетінін және қайда екенін білмейтінін айтқан. Нәтижесінде, араға уақыт салып экипаждың қалған мүшелері сияқты ол да қайтыс болды.
Президент Әкімшілігінің Басшысы бұлтты тек шектеулі аумақта көргенін айтты, сондықтан ауа-райының қолайсыздығы трагедия факторына айналуы мүмкін екендігін айтуға қиналды.
21 мамырда Тебризде Иран президенті Ибрахим Раиси мен елдің Сыртқы істер министрі Әмір Абдоллахиянды жерлеудің бірінші кезеңі өтті.
2024 жылдың 19 мамырында Иран Президентінің тікұшағы Парсабад қаласынан оралу барысында шұғыл қонған, онда Иран шенеуніктері Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевпен бірге Аракс өзеніндегі Гыз-Каласы бөгетінің салтанатты ашылуына қатысты.
Құтқару отрядтары тікұшақты іздеуді оқиға белгілі болғаннан кейін шамамен бір сағаттан соң бастады. Орманды жерлерде жолдардың болмауына, сондай-ақ қолайсыз ауа-райына, соның ішінде қатты тұманға байланысты іздеу-құтқару жұмыстары ұзаққа созылды.
Президенттің тікұшағы 20 мамырда Әзірбайжан шекарасынан 30 шақырым жерде орналасқан Тавиль ауылының жанынан табылды. Ол құлау нәтижесінде өртеніп кеткен. Біраз уақыттан кейін жергілікті БАҚ борттағылардың барлығы, оның ішінде Иран президенті Ибраһим Раиси де қайтыс болғаны туралы хабарлады.