Малави Вице-президенті ұшақ апатынан қайтыс болды

Сурет: Facebook/SKCOfficialPage
Малави вице-президенті Саулос Чилима ұшақ апатынан қайтыс болды. Бортта Чилима мен тағы тоғыз жолаушы болған. Ұшақ 2024 жылдың 10 маусымында ел астанасы Лилонгведен ұшып шыққаннан кейін жоғалып кетті. Бүгін, 11 маусымда құтқарушылар ұшақтың құлағанын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Трагедия туралы Малави Президенті Лазарус Чаквера хабарлады.

"Құтқарушылар апат кезінде ұшақтың құлағанын анықтады. Вице – президент және борттағы барлық адамдар қайтыс болды", - деді ол.

Малавиде ұлттық аза тұту жарияланды.

Малави Вице-президенті Саулос Чилима 51 жаста еді, оның артында әйелі мен екі баласы қалды. Чилима 2014 жылдан бері вице-президент қызметін атқарды.

Малави - Африканың оңтүстік-шығысындағы мемлекет. Солтүстік-шығыста Танзаниямен, оңтүстік-шығыста, оңтүстікте және оңтүстік-батыста Мозамбикпен, Батыста Замбиямен шектеседі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды