Отар Кушанашвили жансақтау бөліміне түсті

Сурет: Instagram/otar.kushanashvili
Белгілі ресейлік тележүргізуші және журналист Отар Кушанашвили ауруханаға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

БАҚ-та айтылғандай, бүгін, 20 маусымда ол шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды.

Отар Кушанашвилидің продюсері, Mash арнасына берген ақпаратында журналисттің Мәскеу облысының Красногорск ауруханасында жансақтау бөлімінде жатқанын айтты. Диагнозы: қабынған асцит (іште сұйықтықтың жиналуы). Дәрігерлер асциттің бауыр циррозы аясында дамығанын хабарлаған.

"Біздің ақпаратымыз бойынша, Кушанашвили бірнеше апта бұрын ауырған. Іштің ісінуіне, әлсіздікке және ентігуге шағымданды. Бүгін ол өзінің жақындарымен бірге дәрігерлерге барғаннан кейін бірден ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлайды басылым.

Басқа БАҚ Кушанашвилиге бауыр циррозы диагнозы қойылғанын жазды. Бірақ РБК-мен сөйлескенде оның көмекшісі мұны растамады.

Отар Кушанашвили-әйгілі ресейлік және грузиндік журналист, тележүргізуші, "Каково?!" YouTube арнасының авторы. Ол "Акулы пера" бағдарламасында жұмыс істеген кезде таныла бастады.

2023 жылдың күзінде Отар Кушанашвили Мәскеуде инфарктпен ауруханаға түсті. Дәрігерлердің айтуынша, оның өмірін жедел жәрдемге уақтылы қоңырау шалу арқылы құтқарған.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Тасжолдағы велоспорттан әлем чемпионаты: ел намысын кімдер қорғамақ

Алматыда жаңа саябақ салу үшін жер телімдері мемлекет меншігіне өтеді