"Бозбаланы зорлаған". Оңтүстік Кореяда мәнерлеп сырғанушы қыз жарыстардан шеттетілді

Сурет: pexels
Оңтүстік Кореяның Конькимен жүгіру спорты федерациясы құрамасының екі өкілі жарыстардан шеттетілді. Италиядағы жаттығу жиынында спортшы қос бойжеткен ішімдікке сылқия тойып, олардың бірі конькимен мәнерлеп сырғанаушы жасөспірімді күштеп төсек қатынасына тартқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ішімдікке тойып алған бойжеткен спортшы жасөспірім бозбаланы қыздарға арналған жатақханадағы өз бөлмесіне шақырып алып, оны жыныстық қатынасқа күштеген, деп жазады mk.co.kr.

Ал екінші бойжеткен болған оқиғаны телефонындағы камераға түсіріп алған. Жиындар 15-28 мамыр аралығында өтті. 21 маусымда Конькимен жүгіру спорты федерациясының отырысы өтті, оның қорытындысы бойынша айыпты қызды спорттан үш жылға шеттету туралы шешім қабылданды. Екінші мәнерлеп сырғанаушы да спорттық жиындар аумағында спирттік ішімдік тұтынғаны үшін жарыстардан шеттетілді.

Енді олар Миландағы (Италия) 2026 жылғы Олимпиада ойындарына қатыса алмайды. Зардап шеккен жасөспірімге қатысты қалыптасқан режимді бұзғаны үшін сөгіс берілді, өйткені ол қыздар жатақханасына өз бетімен барған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды