Олимпиада ойындары өтпей қалуы мүмкін: Париждегі Сена өзенінде ішек таяқшасы табылды

Сурет: Instagram/paris2024
Сена өзенінде ішек таяқшасының бактериясы табылды, сондықтан жазғы Олимпиаданың ашық суда өтетін турнирлері кейінге қалдырылуы немесе тіпті өтпеуі де мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Franceinfo ақпаратынша, Парижде Сена өзеніндегі судың сапасына күнделікті талдау 1 маусымнан бастап жүргізіле бастады. Аралық талдау өзеннен ішек таяқшасының бактерияларының табылғанын көрсетті. Бұл өз кезегінде қатысушылар мен көрермендердің денсаулығына алаңдаушылық туғызады, сонымен қатар бір айдан кейін басталатын Олимпиада ойындарын өткізуге әсер етуі мүмкін.

Құны миллиард еуродан асатын тазарту шараларына қарамастан, Сенадағы судың сапасы төмен болып қала береді. Судың 14 үлгісінің біреуі ғана қанағаттанарлық болды. Бұл триатлон жарыстарын кейінге қалдыруға немесе тоқтатуға әкелуі мүмкін.

Аталмыш сайысқа қатысу үшін, олимпиадалық квотаны елімізден триатлоншы Екатерина Шабалина жеңіп алған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды