Ирандағы президенттік сайлау: Консерватор Джалили реформатор Пезешкианды басып озды

Сурет: 1news.az
Ирандағы кезектен тыс президенттік сайлауда реформатор Масуд Пезешкиан мен консерватор Саид Джалили көш бастап келеді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, Джалили бұрын алда келе жатқан Пезешкианды басып озды, деп хабарлайды Zakon.kz.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, Иран Ислам Республикасының Ішкі істер министрлігінде орналасқан сайлау комиссиясында қазіргі уақытта Саид Джалили 3 млн 505 мың 191, Масуд Пезешкиан 3 млн 389 мың 191 дауыс жинады.

Басқа үміткерлер: Мұхаммед Багер Ғалибаф - 1 млн 116 мың 659 дауыс, ал Мұстафа Пурмохаммади – 62 мың 310 дауыс жинады. Бұған дейін реформатор Масуд Пезешкиан алдын-ала санақ бойынша Ирандағы сайлауда көш бастап келе жатқаны хабарланған болатын.

28 маусымда кешке Ирандағы президенттік сайлауда дауыс беру уақыты үшінші рет ұзартылғаны белгілі болды, оған сәйкес ирандықтар жергілікті уақыт бойынша сағат 00:00-ге дейін дауыс бере алады. 

Иранда президенттіктен үміткерлерді тіркеу 30 мамыр мен 3 маусым аралығында өтті. ОСК 278 адамның тек 80-інің құжатын қабылдады. 10 маусымда президенттік сайлауға қатысатын алты үміткердің есімдері аталды. Сайлау 28 маусымға белгіленді. Ираны Президенті - Жоғарғы көшбасшы аятолла Али Хаменеиден кейінгі елдегі екінші маңызды адам. Президенттің міндеттеріне Конституцияның ережелерін іске асыру және атқарушы билікке басшылық ету кіреді. Иранның сыртқы саясатының жалпы бағыты жаңа президентке байланысты болады.

2024 жылдың 19 мамырында бұрынғы Иран Президенті мінген тікұшақ Парсабад қаласынан елге оралу кезде апатқа ұшырады. Онда Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевпен бірге Аракс өзеніндегі Гыз-Каласы бөгетінің салтанатты ашылуына қатысқан Иран шенеуніктері болған. 20 мамырда тікұшақ апатқа ұшырап, ондағы барлық адам қаза тапқаны белгілі болды. Оның ішінде Иран Президенті Ибрахим Раиси де бар. Сондықтан елде кезектен тыс сайлау өтіп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз