Измерде екі адам электр тоғының соғуынан көз жұмды - билік 29 күдіктіні ұстауға бұйрық берді

Сурет: medyascope.tv
Түркияның Измер қаласында 12 шілде күні нөсер жаңбыр кезінде екі адамды электр тоғы соғып, мерт қылды. Ал 14 шілдеде Әділет министрі 29 күдіктіні ұстау туралы бұйрық шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Конак ауданындағы қатты нөсер кезінде жолды кесіп өткен 23 жастағы студент Өзге Дениз электр тогының соғуынан құлады. Оған көмектесуге тырысқанда, 44 жастағы Инанч Октемай да соққы алды. Х әлеуметтік желісінде жарияланған ENSONHABER түрік басылымының видеосында зардап шегушіге көмекке келгісі келгендердің, электр дірілінен қорқақтағанын көруге болады.

Medyascope хабарлағандай, қыз бен ер адам ауыр жағдайда ауруханада қайтыс болды. Осы оқиға бойынша электр компаниясының қызметін зерттеу және тексеру басталды.

Тексеріс барысында электриктер кабельді көміп, жол салушылар жолды асфальттағаны белгілі болды. Бірақ электр желілері құрылыс технологиясына қайшы, яғни 23 см тереңдікте орнатылған. Ал, заңға сәйкес, олар жер астында кем дегенде 50 см-лік тереңдікте болуы керек. Осылайша, нөсер жаңбыр жөнді жасалмаған жолды шайып кеткен, нәтижесінде электр қуаты ашық қалған. Оқиға орнында техникалық жұмыстар жүргізілуде.

Түркияның Әділет министрі Йылмаз Тунч өзінің Facebook парақшасында Измирдегі жаңбыр кезінде электр тоғынан қаза тапқан екі адамның өліміне қатысты тергеу аясында 14 шілдеде 29 адамды ұстау туралы бұйрық берілгенін айтты.

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Сауле Базарханның өлімінен кейін депутат Денсаулық сақтау министрлігін қатаң тексеруге шақырды

Қорғауға жататын жеке деректердің тізбесін Конституция арқылы нақтылау ұсынылды