Ердоған Трамппен сөйлесу барысында оның өміріне жасалған қастандықты айыптады

Сурет: wikimedia, flickr
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған АҚШ президенттігіне кандидат Дональд Трамппен оның өміріне қастандық жасау әрекетін талқылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы түрік басшысының кеңсесі мәлімдеді.


"Президент Режеп Тайып Ердоған Америка Құрама Штаттарының 45-ші президенті және президенттікке кандидаты Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында Трамптың қастандығы және одан кейінгі оқиғалар талқыланды. Президент Ердоған Дональд Трампқа жасалған қастандықты тағы да айыптап, тезірек сауығып кетуге тілек білдірді", – делінген хабарламада.

13 шілде күні кешке АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың Пенсильвания штатында сайлауалды науқанындағы митингіде оған қастандық жасалды. Оның құлағын жарақаттап алған, митингіге қатысқан бір адам қайтыс болды, тағы екеуі ауыр жарақат алды. Атқан адамды Құпия қызмет өлтірген.

Трамп өміріне қастандық жасалғанына қарамастан, өз жоспарынан бас тартпайтынын және 15 шілдеде Милуокиде (Висконсин) басталатын Республикалық партия съезіне қатысатынын айтты.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың бұрынғы Президенті Дональд Трампқа жасалған қастандықты қатаң айыптады.

АҚШ
Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды