Бразилияда акулалардың ағзасынан кокаин іздері табылды

Сурет: pixabay
Освалду Круз ғылыми - зерттеу қоры Бразилияның Рио-де-Жанейро жағалауында ұсталған 13 акуладан кокаиннің іздері табылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

РИА Новости ақпаратынша, кокаин акуланың бұлшықеттері мен бауырында анықталды.

Деректер қалада есірткіні тұтынудың жоғары деңгейін көрсетеді. Ал, оның қалдықтары теңізге кәріз жүйесі арқылы түскен.

Зерттеуге қатысқан ғалымдардың бірі Энрику Мендес Сажору атап өткендей, кокаиннің іздері бұрын суда және Мидия сияқты кейбір теңіз жануарларының ағзасынан табылған. Бірақ, препараттың акуланың ағзасынан табылуы алғашқы жағдай.

23 шілдеде жыл басынан бері 31 есірткі зертханасы жойылғандығы хабарланған болатын. Оның 17-сі синтетикалық есірткі өндірісін жолға қойған. Есірткі өндірушілерден шамамен 186 кг синтетикалық есірткі және екі тоннадан астам прекурсор тәркіленді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды